Қызылордалық «Қайсардың» бірнеше негізгі ойыншысына ҚПЛ-дың басқа клубтарынан ұсыныс түсті, деп хабарлайды ASnews.kz.
Олардың қатарында капитан Думан Нәрзілдаев, қорғаушы Қуаныш Қалмұратов және жартылай қорғаушы Айбол Әбікен бар. Дидар Жалмұқан мен Әділет Кеңесбек те командадан кетуі мүмкін.
Бұған дейін шабуылшы Айбар Жақсылықов «Қайсардан» кетіп, «Елімаймен» келісімшартқа отырған болатын.
Жақында ғана клубтың жаңа бас бапкері болып қазақстандық Андрей Ферапонтов тағайындалған еді.
Фото: Айбол Әбікен.














