Қызылордалық «Қайсар» қысқы маусымаралық үзіліс кезінде бірнеше шетелдік ойыншымен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды ASnews.kz.
Өткен маусымда «қасқырлар» тек қазақстандық ойыншылармен ойнап, ҚПЛ-дағы орнын сақтап қалған еді.
Жаңа маусымда «Қайсар» өз нәтижелерін айтарлықтай жақсартып, турнир кестесінде мүмкіндігінше жоғары көтерілуді жоспарлап отыр.
Басшылық негізгі құрамның тірегіне айналатын және жергілікті ойыншыларға көмектесе алатын жоғары санаттағы төрт шетелдік ойыншы алуды жоспарлап отыр.
Қызылорда клубының жаңа бас бапкері болып Андрей Ферапонтов тағайындалды, ал Исламғали Қозбаков клубтың қожайыны атанды.














