• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 6 декабря, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ұзынқұлақ

«Данди Юнайтед» бапкері Кенжебекке қызығушылығын растады

Ол көптеген клубтардың назарында жүр

22/11/2025
in Ұзынқұлақ, Футбол
0 0
0
«Данди Юнайтед» бапкері Кенжебекке қызығушылығын растады
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

«Данди Юнайтедтің» бас бапкері Джим Гудвин клубтың Қазақстан құрамасы мен «Елімай» вингері Ғалымжан Кенжебекке деген қызығушылығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz The Courier Sport порталына сілтеме жасап.

Шотландиялық басылым бұған дейін «Дандидің» 22 жастағы қазақстандық футболшының кандидатурасын қарастырып жатқанын хабарлаған болатын. Ойыншы қаңтарда еркін агент атанады және оған «Хартс», сондай-ақ Португалия, Чехия және Грекия клубтарынан қызығушылық бар.

Гудвин Кенжебекпен келісімшартқа отыру мүмкіндігін жоққа шығармады, бірақ оған таласатын клубтардың көп екенін атап өтті:

«Біз қысқы трансферлік терезеге дайындалып жатырмыз. Кенжебек көптеген клубтардың тізімінде екеніне сенімдімін. Біз әрқашан құрамды күшейтуге тырысамыз және не болатынын қаңтарда көре жатармыз. Қысқы трансфер кезеңі оңай болмайды, бірақ біз құрамды күшейтуді жоспарлап отырмыз», – деді бапкер.

Кенжебекті қатарына қоса алмаса да, Гудвин клубтың жаңа вингер алуды көздеп отырғанын растады. Жалға алынған Амар Фатах пен Иван Дольчек, сондай-ақ жарақаттан енді ғана айыққан Кристиан Трапановски командада жазға дейін ғана ойнайды.

«Бізде жақсы вингерлер бар, бірақ шынын айтқанда, командаға басқа ойыншы қажет. Егер біз жүзеге асыра алатын қолжетімді нұсқа пайда болса, міндетті түрде оны алуға тырысамыз», – деді Гудвин.

ASnews.kz бұған дейін Кенжебектің агенті тағы бір шотландиялық клуб – «Глазго Рейнджерспен» келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.

Фото: Ғалымжан Кенжебек.

Tags: Ғалымжан Кенжебектрансфер
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
«Данди Юнайтед» бапкері Кенжебекке қызығушылығын растады

«Ұлытау» - «Атырау» матчына қатысты тергеу басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Астана» 2026 жылы қазақстандық футболшыларға сенім артуы мүмкін

«Астана» 2026 жылы қазақстандық футболшыларға сенім артуы мүмкін

04/12/2025
«Астананың» үздік легионері еуропалық клубқа ауысады

Ангелина Лукас қарсыласын нокаутпен жеңді

04/12/2025
«Астананың» үздік легионері еуропалық клубқа ауысады

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жазалауды сұрады

04/12/2025
«Астананың» үздік легионері еуропалық клубқа ауысады

«Жеңіс» украиналық бапкермен қош айтысты

04/12/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

«Астана» 2026 жылы қазақстандық футболшыларға сенім артуы мүмкін

«Астана» 2026 жылы қазақстандық футболшыларға сенім артуы мүмкін

04/12/2025
«Астананың» үздік легионері еуропалық клубқа ауысады

Ангелина Лукас қарсыласын нокаутпен жеңді

04/12/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In