Қазақстандық «Барыс» командасы 21 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында ресейлік команда алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан 12-минутта Артур Фаизов мергендік танытты. Десе де көп ұзамай қазақстандық команда таразы басын теңестіруге мүмкіндік алды. Оны 15-минутта Джейк Масси өзінің еншісіне жазды.
Екінші кезеңде «Барыс» тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Көбірек шабуылға көңіл бөліп, есепті ұлғайтатын мүмкіндікті іздеді. Ойынның 32-минутында қазақстандық шабуылшы Әлихан Әсетов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, бұл — елордалық клубтың қатарынан үшінші жеңісі.
Нәтижесінде олар турнир кестесінде «Барыс» 27 ұпаймен екі сатыға жоғарылап, 16-орынға жайғасты.
Ал «Салават Юлаев» 23 ұпаймен 19-орынды сақтап қалды.
Қазақстандық клуб бұдан кейін тағы бір ойынын елордада өткізіп, 23 қарашада Ресейдің «Авангард» (Омбы) клубымен шеберлік байқасады.
Фото: Барыс ХК.














