Қазақ футболындағы жас жұлдыздардың бірі – Ғалымжан Кенжебектің cоңғы маусымдағы тұрақты ойыны мен сенімді көрсеткіштері Еуропа скауттарының назарын аударып, футболшыға бірнеше елдің беделді клубтары қызығушылық таныта бастады, деп хабарлайды, Aladop.kz.
Vesti.kz мәліметінше, ойыншыға Грекияның екі алпауыты – «Олимпиакос” пен «ПАОК», Шотландияның топ клубы «Рейнджерс», Чехия чемпионатының «Виктория Плзень», сондай-ақ Ресей Премьер лигасының өкілдері «Краснодар” мен «Динамо» ниет білдіруде.
Сонымен қатар, ел чемпиондары «Қайрат” клубы да ойыншыны өз қатарына қайтадан қосуға дайын екені айтылуда.














