Садақ атудан Қазақстан құрамасының өкілдері Даккада (Бангладеш) өткен Азия чемпионатында топ жарды.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, құрама сапынан Бунед Мирзаметов, Андрей Тютюн және Мұса Ділмұхамет блоктық садақ атудан командалық жарыста сынға түсіп, алтын медаль жеңіп алды.
Финалда отандастарымыз Үндістан құрамасынан 230-229 есебімен басым түсті. Ал Оңтүстік Корея құрамасы жүлделі үшінші орынды місе тұтты.
Фото: ҰОК.














