• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 6 декабря, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Олимпиада

Ислам ынтымақтастығы ойындарында кімдерге сенім артамыз

Қазақстан спортшылары осыған дейін, Ислам ынтымақтастығы ойындарының тарихында жалпы 134 медаль жеңіп алған

06/11/2025
in Олимпиада, Ұлттық спорт
0 0
0
WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакина үшінші жеңісіне қол жеткізді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Алдағы қарашаның 7–21 күндері аралығында Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында VI Ислам ынтымақтастығы ойындары өтеді. Аталған додада қазақстандық спортшылар да бақ сынайды.

Екі аптаға созылатын бәсі биік жарыста 24 спорт түрінен жалпы 270 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Осымен 6-ші рет алауы тұтанғалы отырған сында биыл алғаш рет джиу-джитсу мен муайтай спорт түрлерінен де медальдар ойнатылады.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы ойындар 2005 жылы Сауд Арабиясында ұйымдастырылды. Оған барлық құрлықтан спортшылар қатысты. Атап айтсақ, Африкадан – 27 ел, Азиядан – 25, Еуропадан – 3 және Оңтүстік Америкадан – 2 мемлекеттің үздік спортшылары бақ сынады.

Екінші ойындар өткізілмей қалса, үшінші ойындар 2013 жылы Индонезияның Палембанг қаласында өтті. Төртінші ойындар 2017 жылы Бакуде (Әзербайжан), ал бесіншісі 2022 жылы Коньяда (Түркия) ұйымдастырылды. Биыл, 20 жыл өткен соң, Сауд Арабиясы қайтадан жарыс қожайыны атанып отыр.

Қазіргі таңда ел халықаралық жарыстарды белсенді түрде өткізіп келеді. Сауд Арабиясы 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын, 2034 жылғы жазғы Азия ойындарын және футболдан әлем чемпионатын қабылдау құқығына ие. Сонымен қатар ел 2036 жылғы жазғы Олимпиаданы өткізуге де үміткер.

Ал алдағы күндері аталған жарыста ел намысын кімдер қорғамақ? Олардың қатарында ел сенім артқан қандай спортшылар бар? Осы сұрақтарға қысқаша жауап іздеп көрсек.
ҚР туризм және спорт министрлігінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, аталған жарысқа Қазақстан сапынан 98 спортшы қатыспақ. Олардың 48-і ер, 50-і әйел спортшылар. Отандастарымыз 15 спорт түрі бойынша бақ сынайды. Қатысушылар саны жағынан біздің құрама 57 елдің ішінде 10-орында тұр.

Олардың қатарында жеті әлем чемпионы мен Олимпиада ойындарының жүлдегері де бар.

Атап айтсақ, Нұрғиса Әділетұлы мен Артём Антропов (ауыр атлетика), Ризабек Айтмұхан және Нұрқожа Қайпанов (еркін күрес), Рамазан Құсайынов пен Жібек Құлымбетова (джиу-джитсу), Әбіл Ғалиев (муайтай), сондай-ақ Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (каратэ WKF) бар. Қазақстан құрамасынан ең көп спортшы дзюдо (11 адам), жеңіл атлетика (10) және джиу-джитсудан (9) қатысады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан спортшылары осыған дейін, Ислам ынтымақтастығы ойындарының тарихында жалпы 134 медаль жеңіп алған. Оның 42-сі алтын, 36-сы күміс және 56-сы қола медаль.

Алтын медаль саны бойынша көшбасшы спорт түрі — жүзу (17 алтын). Одан кейін ауыр атлетика (8), велотрек (5), кикбоксинг (4), бокс (2), гимнастика (2), каратэ (2), жеңіл атлетика (1) және күрес (1) түрлері келеді.

2021 жылы Түркияның Конья қаласында өткен соңғы ойындарда Қазақстан құрамасы 27 алтын, 23 күміс және 39 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бесінші орынға ие болды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі.

Tags: еркін күресКаратэСофия БерульцеваТуризм және спорт министрлігі
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакина үшінші жеңісіне қол жеткізді

Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Жетісу» клубы жеңіс сериясын 9 матчқа жеткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Астана» 2026 жылы қазақстандық футболшыларға сенім артуы мүмкін

«Астана» 2026 жылы қазақстандық футболшыларға сенім артуы мүмкін

04/12/2025
«Астананың» үздік легионері еуропалық клубқа ауысады

Ангелина Лукас қарсыласын нокаутпен жеңді

04/12/2025
«Астананың» үздік легионері еуропалық клубқа ауысады

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жазалауды сұрады

04/12/2025
«Астананың» үздік легионері еуропалық клубқа ауысады

«Жеңіс» украиналық бапкермен қош айтысты

04/12/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

«Астана» 2026 жылы қазақстандық футболшыларға сенім артуы мүмкін

«Астана» 2026 жылы қазақстандық футболшыларға сенім артуы мүмкін

04/12/2025
«Астананың» үздік легионері еуропалық клубқа ауысады

Ангелина Лукас қарсыласын нокаутпен жеңді

04/12/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In