Көпшілік бұл матчта Швентекті фаворит деп бағалағанымен, жеңіс Рыбакинаның еншісіне жазылды.
Қазақстан теннисшісі аталған кездесудің алғашқы сетінде 3:6 есебімен жеңілгеннен кейін ойын тізгінін өз қолына алды. Ол екінші және үшінші сетте 6:1, 6:0 нәтижесімен айқын басымдық танытып, жеңіске жетті.
Бұған дейін де Рыбакина топтық кезеңдегі алғашқы ойында америкалық Аманда Анисимованы (WTA — 4-орын) 6:3, 6:1 есебімен жеңген еді.
Топттық кезеңнің соңғы матчында Елена Рыбакина АҚШ спортшысы Мэдисон Кизбен (WTA – 7-орын) кездеседі деп күтіліп отыр. Қазіргі уақытта отандасымыз әлемдік рейтингте алтыншы орнын сақтап тұр. Егер аталған турнирде көрсеткіші жақсарса, алда әлемдік рейтингте жоғарылауы мүмкін.
Фото: © Matthew Stockman / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru.














