«Ақтөбе» футбол клубында маңызды өзгерістер күтілуде. Команданы жеке кәсіпкер сатып алмақ. деп хабарлайды Aladop.kz.
Команданың болашақ иесі ретінде Шалқар өңірінің тумасы, Qazaq Stroy және Exclusive Qurylys компанияларының жетекшісі Нұрлан Артықбаев аталып отыр.
Алғашқы келіссөз сәтті өткен. Енді екінші кезеңдегі келісім аяқталған соң, клубтың жаңа иесіне өту процесі ресми түрде жүзеге асуы мүмкін.














