Amanvibe телеграм-арнасы Қостанай командасының 35 жастағы жартылай қорғаушымен қош айтысатынын жазды, дейді aladop.kz.
Маусым басында “Ордабасыдан” “Тобылға” ауысқан Асхат жаңа командасының ел Кубогы мен чемпионатта қола жүлдегер атануына үлкен үлес қосты. Жалпы жартылай қорғаушы сары-жасылдар ұжымында 28 матч өткізіп, 2 гол мен 5 голдық пас берді.
35 жастағы ойыншы Премьер-лигада “Тобыл” мен “Ордабасыдан” бөлек, “Қайсар”, “Астана” және “Ақтөбе” клубтарында өнер көрсетті.
Айтпақшы, ел құрамасының экс-капитанына қазірден бастап “Ақтөбе” мен “Ертіс” ұжымдары көз тігіпті. Жоғары лигаға жолдама алған Павлодар командасы жаңа маусымға қарай, мықты құрам жасақтап, элитадағы клубтармен терезесі тең деңгейде бақ сынасуды жоспарлап отыр. Ал Асхат Тағыбергеннің мол тәжірибесі “Ертіске” сол мақсатын жүзеге асуына көмектесетіні жасырын емес.














