Каталондық клуб нигериялық ойыншыны 2024 жылдан бері бақылап келеді, деп жазады aladop.kz.
Ханс-Дитер Флик командасы Викторды 75 млн еуро құнына қарамастан, шабуыл шебін күшейту үшін сатып алатын болады.
Түркия Суперлигасының осы маусымында Осимхен 9 матчта, 6 гол соқты. Бабында жүрген нигериялық “шал” тартқан Роберт Левандовскидің орнын басады деп күтілуде.
Айта кетейік, 2023 жылы Виктор Осимхен Африка құрлығының үздік ойыншысына табысталатын “Алтын доп” жүлдесіне таласта қарсыластарын оза шапқан болатын. Сол маусымда ол “Наполи” үшін 39 матчта 31 гол соғып, клубтың үздік сұрмергені көшін бастады.














