• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 25 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

«Ордабасы» өзбек легионеріне миллиондаған өтемақы төлейтін болды

Умаров үш маусым бойы «Ордабасының» негізгі құрамында ойнады

24/10/2025
in Ей, бұларың не?, Енді не істейміз?, Футбол
0 0
0
“Қайрат” – “Астана” матчынa төрешілер шетелден келетін болды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Жуырда FIFA-ның дау шешу палатасы өзбек футболшысы Шохбоз Умаров пен «Ордабасы» клубы арасындағы қаржылық дауға нүкте қойды, деп жазады penalty.kz.

Өзбек футболшысы Шохбоз Умаров пен «Ордабасы» клубы арасындағы қаржылық дауға қатысты мәселе шешілді. Эмилио Гарсия Сильверо бастаған FIFA сарапшылары шымкенттік клубты ойыншыға 31,6 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді.

Ташкенттің «Пахтакор» клубының түлегі Шохбоз Умаров Қазақстанға 2022 жылдың жазында келді. Оның дебюті Павлодардың «Ақсуына» қарсы Кубок матчында өтті.

Бір қызығы, өзбекстандық жартылай қорғаушыны шымкенттік «Ордабасы» клубы Беларусьтің БАТЭ командасынан жалға алған болатын. Маусым соңында «Техастықтар» ойыншыны толықтай сатып алып, оның трансфері үшін €50 мың төледі.

Умаров үш маусым бойы «Ордабасының» негізгі құрамында ойнады. Осы аралықта ол:

  • 77 матч өткізді
  • 7 гол соқты
  • 7 нәтижелі пас берді
  • 2022 жылы Қазақстан кубогын,
  • 2023 жылы ел чемпионатын жеңіп алды.

Маусым алдында Шохбоз Умаров Instagram парақшасында шымкенттік жанкүйерлерге алғыс айтып, командамен қоштасты:

«Осы үш жылда маған қолдау көрсетіп, бірге қуанып, бірге уайымдаған әр адамға алғыс айтамын», — деп жазды ол.

Фото: NUR.KZ

31 миллион теңгенің дауы

2024 жылы өзбек ойыншысы FIFA-ның дау шешу палатасына шағым түсірді. Себебі клуб келісімшарттағы кейбір қаржылық міндеттемелерді орындамаған.

Құжаттарда көрсетілгендей, «Ордабасы» ойыншыға 16,6 миллион теңге жалақы төлеуге және жыл сайынғы ақылы демалыс (28 күн) беруге тиіс болған.

Сонымен қатар, клуб чемпион болған жағдайда команданың барлық ойыншыларына 400 миллион теңге бонус төлеуге уәде берген. Бұл шарт орындалған — «Ордабасы» 2023 жылы тарихында алғаш рет ел чемпионы атанды. Бірақ Умаров бұл ақшаны алмаған.

FIFA шешімі: «Ордабасы» жеңілді

FIFA-ның құқықтық департаментінің жетекшісі Эмилио Гарсия Сильверо істі толық зерттеп, футболшының пайдасына шешім шығарды.

Төрелік шешім бойынша, «Ордабасы» клубы:

  • 14 814 814 теңге (төленбеген еңбекақы),
  • 16 884 058 теңге (қолданылмаған демалыс өтемақысы),
  • және екеуіне де жылдық 5% үстеме пайыз төлеуге міндеттелді.

Осының бәрін қосқанда, шымкенттіктердің ойыншы алдындағы жалпы қарызы 31,69 миллион теңге (шамамен $58,8 мың) болып шықты.

Клуб неге төлемеді?

Клубтың заңгерлері FIFA-ға өз уәжін де ұсынған. Олардың айтуынша, бонус төлемдері тек клуб басқармасының ресми шешімімен бекітілуі керек, ал бұл процедура орындалмаған. Сондықтан олар «бұл төлемдер қосымша келісімде емес, негізгі еңбек шартына енгізілуі тиіс еді» деп мәлімдеген.

Алайда FIFA бұл аргументті қабылдамады — себебі клуб жазбаша уәделерін растаған және футболшы тарапынан барлық міндеттемелер орындалған.

Фото: KazFootball.kz.

Tags: Қазақстан Премьер-лигасыҚПЛлегионерлерОрдабасы ФКӨзбекстан
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Екінші Сәтпаев — «Қайраттың» тағы бір шәкірті Еуропаға кетуі мүмкін

Екінші Сәтпаев - "Қайраттың" тағы бір шәкірті Еуропаға кетуі мүмкін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақстан – Socca Чемпиондар лигасы 2025-тің қола жүлдегері

Қазақстан – Socca Чемпиондар лигасы 2025-тің қола жүлдегері

24/10/2025
“Қайрат” – “Астана” матчынa төрешілер шетелден келетін болды

Қазақстан азаматтығын алған спортшы қайтадан кетіп қалды

24/10/2025
Екінші Сәтпаев — «Қайраттың» тағы бір шәкірті Еуропаға кетуі мүмкін

Екінші Сәтпаев — «Қайраттың» тағы бір шәкірті Еуропаға кетуі мүмкін

24/10/2025
“Қайрат” – “Астана” матчынa төрешілер шетелден келетін болды

«Ордабасы» өзбек легионеріне миллиондаған өтемақы төлейтін болды

24/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Қазақстан – Socca Чемпиондар лигасы 2025-тің қола жүлдегері

Қазақстан – Socca Чемпиондар лигасы 2025-тің қола жүлдегері

24/10/2025
“Қайрат” – “Астана” матчынa төрешілер шетелден келетін болды

Қазақстан азаматтығын алған спортшы қайтадан кетіп қалды

24/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In