Қазақстан Премьер лигасының 26-туры аясындағы шешуші – “Қайрат” пен “Астана” матчының төрешілер құрамы белгілі болды, деп жазады penalty.kz.
Oйынды басқаруға Италиядан төрешілер шақырылған.
Бас төреші қызметін 35 жастағы Маттео Маркетти атқарады. Оған бүйір сызық бойында Валерио Коларосси мен Кристиан Росси көмектеседі. Ал VAR жүйесін қадағалау міндеті тағы бір Италиялық маман — Давиде Герзиниге жүктеліп отыр.
Ал VAR (AVAR)-ға Қазақстандықтар төрешілер жауапты болады.
Естеріңізге салсақ, Матео Маркетти биылғы маусымда «Қайрат» ойынын екі мәрте төрешілік еткен болатын.
Сурет: ашық дереккөздерден.














