Түркиялық танымал футбол комментаторы әрі скаут Селим Пайялан «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековтың өнерін жоғары бағалады, деп жазады Аладоп.kz.
Кеше 22 жастағы қақпашы кипрлік «Пафосқа» қарсы өткен ойында алматылық клубқа бір ұпай еншілеуге үлкен үлес қосқан болатын. 0:0 есебімен аяқталған ойында Темірлан бірнеше рет командасын голдан құтқарып, ерекше шеберлігін паш етті.
«Темірлан Анарбеков – «Қайрат» клубының қақпашысы. Түркі әлемінен шыққан 22 жастағы дарынды ойыншы. Бүгін алғаш рет оның ойынын «Қайрат» пен «Пафос» матчында комментатор ретінде көрдім. Тамаша рефлекстерге ие, қарсыластың соққыларына бұрыш бермей шебер қорғанады. Ең бастысы — ол әлі де дамуға қабілетті», – деген болатын Селим Пайялан әлеуметтік желіде.
Темірлан Анарбеков «Қайраттың» ЧЛ жалпы кезеңіне шығуына да ерекше еңбек сіңірген – шотландиялық «Селтикпен» плей-оф кезеңінің жауапты кездсуіндегі пенальтилер сериясында 3 соққыны қатарған. Соңғы кезде ҚПЛ-де де нәтижелілігімен көзге түсуде.