• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Понедельник, 20 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Алматыдағы веложарысқа 200-ден астам велосипедші қатысты

20/10/2025
in Енді не істейміз?
0 0
0
Марат Байқамұров «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінде топ жарды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Велоспорт әуесқойлары мен ардагерлері дәстүрлі Giro d’Almaty-2025 шосселік жарысына жиналды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты жариялады.

Іс-шараны Алматы қаласы жаттықтырушылар қауымдастығы ұйымдастырды. 

— Алматылықтардан бөлек, жарысқа Астана, Көкшетау және еліміздің басқа да қалаларынан келген спортшылар қатысты. Жарыс маршруты спорт әлемі мен табиғат аясындағы ұмытылмас саяхатқа айналды. Әрбір қатысушы адреналин мен шабыт сезінді, — деді Алматы қалалық спорт федерациясының президенті Бахтияр Мамыров. 

Жарыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші күні, сенбіде қатысушылар Медеу ауданындағы Ядролық физика институтынан бастап биік таудағы «Медеу» мұз айдынында мәреге жетті. Ерлер 63 шақырым, әйелдер 35 шақырым қашықтықты еңсерді.

Жарыстың екінші күнінде спортшылар 9 шақырымды бағындарды. Жеңімпаздар екі күндік нәтиже бойынша анықталды. Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар қатысты.

Жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар:

18-29 жас: Ислам Османов.
30-39 жас: Арсений Никитин және Анастасия Евтушенко.
40-49 жас: Вадим Ежаков және Екатерина Шатная.
50-59 жас: Талғат Әмірбеков және Әсел Сәкенова.
60+: Алексей Абраменко.

Әйелдер арасында кейбір жас санаттарында қатысушылар болмады.

Giro d’Almaty-2025 жарысының абсолютті чемпиондары Анастасия Волчанская мен Евгений Сладков болды. 

Алматылық Анастасия Евтушенко жетістік сырын айтты.

— Мен екінші жыл қатарынан кәсіби жаттықтырушымен бірге Sundaybike әуесқойлар командасында жаттығып келемін. Негізгі ереже — күшті дұрыс бөлу. Бастапқыда тым жылдам емес, біртіндеп қарқын қосу керек. Әр жарыста уақытымды жақсартуға тырысамын, — деді Анастасия Евтушенко. 

Өз жас санатының жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алексей Абраменко 67 жаста болса да, салауатты өмір салтын белсенді насихаттап жүр.

— Адамның жасы спортпен айналысуға кедергі емес. Баршаңызды белсенді өмір салтын ұстануға шақырамын. Қозғалыс — бұл өмір, — деді ол.

Көрермендердің назарына 79 жастағы қатысушы Жеңісгүл Оспанова ие болды. Ол бұл сайыс арқылы рухтың мықтылығын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Табандылығы мен шабыт бергені үшін оған арнайы сыйлық табыс етілді. Ол «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен марапатталды.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі.

Tags: Giro d’Almatyвелоспорт
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Марат Байқамұров «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінде топ жарды

Алматыдағы веложарысқа 200-ден астам велосипедші қатысты

20/10/2025
Марат Байқамұров «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінде топ жарды

«Астана-Ақтөбе» ҚПЛ тарихындағы ең көп адам жиналған ойын болды

20/10/2025
Марат Байқамұров «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінде топ жарды

Бокстан Қазақстан чемпионаты: жартылай финалға кімдер шықты

20/10/2025
Марат Байқамұров «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінде топ жарды

ҚПЛ: «Астана» мен «Қайрат» соңғы турда чемпиондыққа таласады

20/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Марат Байқамұров «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінде топ жарды

Алматыдағы веложарысқа 200-ден астам велосипедші қатысты

20/10/2025
Марат Байқамұров «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінде топ жарды

«Астана-Ақтөбе» ҚПЛ тарихындағы ең көп адам жиналған ойын болды

20/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In