15 жастағы футболшы Арон Мұса «Ақтөбе U-16» командасының қорғаушысы болған.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
– Кеше, QJ league турнирінде ойнайтын «Ақтөбе U-16» командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы болды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, — деп жазылған клуб хабарламасында.
Фото: fcaktobe_official / instagram.