Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Еуропа құрлығы бойынша кезекті тур ойындары өтеді.
Бұл күні төрт топтағы құрамалар өзара шеберлік байқасады. C тобында Шотландия мен Грекия, Беларусь пен Дания жасыл алаңға шығады. Турнир кестесінде екі турдан кейін 4 ұпаймен Дания мен Шотландия алғашқы екі орынды өзара бөліссе, Грекия 3 ұпай алды. Ал Беларусьтің қоржыны бос.
G тобында Мальта мен Нидерланд, Финляндия мен Литва кездеседі. Төрт ойында 10 ұпай алған Нидерланд көш басында келе жатса, бес турдан кейін Польша 10, Финляндия 7, Литва 3, Мальта 2 ұпай еншілеп тұр.
Ал H тобында Аустрия мен Сан-Марино, Кипр мен Босния мен Герцоговина кездеседі. Төрт турдан кейін ұпайдан шашау шығармаған Аустрия 12 ұпаймен бірінші орынға жайғасса, бес ойыннан Босния және Герцоговина 12, Румыния 7, Кипр 4 ұпай алды. Ал Сан-Марино барлығына есе жіберіп, ұпайға қол жеткізе алған жоқ.
Сондай-ақ L тобында Фарер аралдары мен Черногория, Чехия мен Хорватия ойнайды. Турнир кестесінде төрт турдан соң Хорватия 12, бес ойыннан Чехия 12, Фарер аралдары мен Черногория 6 ұпай алса, Гибралтар бірде-бір ұпайға ие болған жоқ.
Айта кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы10 қазан күні 19:00-де Лихтенштейнге қарсы ойнайды. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Фото: UEFA.com.