Алматыда жаңа футбол стадионы салынады.
Алматы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков биыл стадион құрылысына байланысты алғашқы жұмыстар басталатынын айтты.
– Құлжа және Талғар автожолдары аралығында жаңа стадион салынады. Ол үшін 14,9 гектар жер телімі белгіленді. Қазіргі уақытта инженерлік желілерді жүргізуге техникалық-экономикалық негіздеме алынды. Қаржы бөлінді, қазір негізінен жерге байланысты жұмыстар жүргізіледі, — деді ол.
Сондай-ақ Алматы әкімінің орынбасары Орталық стадионды жаңғырту туралы пікір білдірді.
– Орталық стадион заманауи модернизацияны талап етеді. Осы жылдың соңына дейін стадион техникалық тексеруден өтеді. Бірақ жаңа стадион салынады, ал қазіргі алаңды күтіп ұстауды жалғастырамыз. Жаңа стадион құрылысы аяқталған соң, Орталық стадион жеңіл атлетика алаңы ретінде қолданылады. Сондықтан осындай модернизация жүргіземіз, — деді ол.
Фото: Скриншот.