Үндістанда өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден еркін бағдарламаның аралас жұптық сынында финалдық бәсекелері өтті.
Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.
Қазақстан намысын Виктор Друзин мен Наргиза Болатова қорғады. Отандастарымыз 241.4613 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Кантинин Адисайсирибутр, Супитчая Сонгпан — 257.6872
Кайцзе Вэн, Сужуй Ян — 242.4933
Виктор Друзин, Наргиза Болатова — 241.4613
Фото: Спортты дамыту дирекциясы.