«Тұранның» 22 жастағы қорғаушысы Микаэль Асқаров мансабын Еуропада жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Фенербахче» түлегін Румыния, Молдова, Болгария және Черногория командалары бақылап отыр. Бір клубтың скауты Премьер-лиганың 21-ші турында «Қайсарға» қарсы ойында (1:0) Асқаровтың ойынын тамашалапты. Түркістандық клуб басшылығы бұл жаңалықтан хабардар екен.
Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы маусымды «Атырау» сапында бастаған болатын. Ал оған дейін «Қайрат», «Екібастұз» және белорусиялық «Сморгонь» командаларында ойнаған.
Асқаров ҚПЛ ағымдағы маусымында 15 матч өткізді.
Фото: Микаэль Асқаров