• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Қазақ спортына діни радикализм еніп кеткен бе

Биыл өткен Париж Олимпиадасы көптің талқысына түскен ерекше оқиғаларымен есте қалды

19 августа, 2024
in Ей, бұларың не?, Енді не істейміз?
0 0
0
Қазақ спортына діни радикализм еніп кеткен бе
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Соның бірі – қазақстандық кейбір спортшылардың діни көзқарасы. Қоғам әлеуметтік желіде спортшылардың өз жеңілісі мен жеңісіне қатысты айтқан пікірлерін сынның астына алып жатты. Тіпті, жеңілістің кесірін спортшының сақал қойғанынан көріп жатқандар болды. Әрине, елімізде кімнің болса да өзгенің таңдау еркіне, дүниетанымы мен көзқарасына тіл тигізуге хақы жоқ. Дегенмен бұл тұста «спортшылардың діни көзқарасы бабына кедергі келтіре ме?» деген сауал туындайды. Kazinform тілшісі осы тақырыптың жай-жапсарына үңіліп көрді.

Қалыпты діндар ма, радикал ма?

Ең әуелі, біз де әлдекімнің діни ұстанымына қарсы шығуды құптамайтынымызды ескерткіміз келеді. Тақырыптың өзегі неден шықты десек, Париж Олимпиадасы кезінде кей спортшылардың айтқан сөздері көп сынның жазылуына түрткі болды. Атын атап, түсін түстемесек те оқырман кімдерді айтқанымызды ұға жатар, жеңілгеннен кейін «Алланың қалауы осы болды» деп ақталып, жүлдегер атанғанда «дұға оқығанымда қарсыластарым көзіме кішкентай болып көрінді» деген сарындағы әңгімелерді естідік. Өз кезегінде сын айтушылар да спортшылардың көзқарасын сөкпейді, тек жеңілген адамның сөз арқылы «жауапкершілікті Құдайға ысырып», жұбануын, ал жеңген адамның дұға арқылы сиқыр жасағандай мистика айтуын айыптайды. Демек, бар мәселе әсіре діншілдікке келіп тіреледі.

Рас, бұған дейін елдегі спортшылардың басым бөлігі жат ағымның ығына жығылып жүргенін айтушылар кездесті. Кейде дәлелі спортшылардың жүріс-тұрысынан, іс-әрекетінен, сөздерінен байқалып тұрды. Ақыры қоғам бұл проблеманың спорт саласында ішінара бар екенін мойындады. Мәселен, теолог Кеңшілік ТЫШҚАНҰЛЫ шынымен спортшылар арасында әсіре діншілдік қарқын ала бастағанын, кейбірінің сыртқы сипатынан-ақ аңғарылатынын айтып отыр.

— Қазақстан спортында, соның ішінде күрес түрлерінің арасында әсіре діншілдік, радикализм, салафизм мен уахаббизмді ұстанатын топтар жоқ деп айта алмаймыз. Жекелеген спорт клубтарында, көптеген жаттықтырушыларда дін тенденциясы бар. Тіпті, кейбірі теріс ағымның өкілдері екені рас. Осы тұста проблема шығады. Әйткенмен, радикалды топтардың да өзіндік діни-теологиялық негіздері барын ұмытпаған абзал. Мысалы, «күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан қарағанда қайырлы, жақсы» немесе «күресу – Пайғамбардың сүннеті» деп айтып жатады. Садақ атуды, суда жүзуді де сол қатарда дәріптейді. Кезінде осыған байланысты айтылған уағыздар ақырындап өнер мен спорт саласына кірді. Соның әсерінен кейбір спортшыларымыз әсіре діншілдікті насихаттай бастады. Оны сыртқы формасы да көрсетіп тұрады.

Сондықтан жеңіліс тапқанда «Алланың қалауы болды» деп жатады. Әрине, мұсылман адам ретінде бұл сөз орынды. Алайда, жалпы алғанда бұл дүниеде еңбек еткен адам ғана табысқа қол жеткізеді. Мейлі мұсылман болсын немесе болмасын – бұл дүниенің заңдылығында «егін еккен, суарған, баптаған адам ғана өнімін алады» деген қағида бар. «Құдайдың қалауы болды» деп жұбануға болатын шығар, бірақ өзінің жалқаулығы мен әрекетсіздігін Құдайға жабуға болмайды. Бірінші әрекет еткені жөн, — дейді маман.

Әйткенмен, теолог мәселенің екінші жағы барын алға тартады. Қоғамда исламофобия асқынып тұрған шақта біреу «Құдай, Алла» деп айтса, соның бәрін қоғамға қарсы қойып, радикализмге жатқызу үрдісі белең алған. Мысалы, көрші Өзбекстан спортшылары биылғы Олимпиадада жақсы нәтиже көрсетті. Ондағы спортшылар да жеңгенінде «Құдайға шүкір» деп айтып, кейбірі сәжде жасап жатты. Алайда өзбек қоғамы спортшыларын әсіре діншіл атап, сөгіп жатқан жоқ. «Шүкір, Құдайдың қалауы» деп айту мұсылман адамдардың құндылығы іспетті дүние. Сол үшін спортшыларды қатты қыспаққа ала берудің қажеті жоқ. Бір сөзбен айтқанда, қазір бізге қалыпты діндарлық пен радикализмнің арасын ажыратып алу керек.

Спортшылардың ұстанымы идеологияға әсер етеді

Кез келген мемлекетте танымал тұлғалар, олардың қатарында спортшылар да маңызды идеологиялық рөл атқаратыны шындық. Қоғам, соның ішінде енді бой түзеп келе жатқан жастар жағы олардың жүріс-тұрысына, сыртқы сипатына еліктейді, айтқан сөздерін санасына сіңіріп, өмірлік ұстанымдарына айналдыратындар бар. Мысалы, бұған дейін дінтанушы Жандәулет СҮЛЕЙМЕНОВ түзеу мекемелерінде терроризм, экстремизм бабы бойынша сотталған спортшылардың бар екенін ашық айтып, ол ортаны сынаған еді. Міне, дәл осы тұстан қарағанда кей спортшыларымыз жауапкершілігін ұмыт қалдырғандай көрінеді.

Спорт сарапшысы Айдос РЫМҚҰЛДЫҢ сөзінше, кей өңірлерде қазір әсіре діншіл бапкерлердің кесірінен баласын спорт үйірмелерінен шығарып алып жатқан ата-аналар бар.

— Менің ойымша, спортқа дін кедергі келтірмейді, бұл уақытқа дейін де кедергі келтірмеген. Алайда елімізде спорт саласының айналасында әсіре діншілдік бар, шынымен қауіп төндіретін деңгейде. Спорттағы жетістіктер, әсіресе посткеңестік елдерде идеология құралы десек, спортшының өзі соның негізгі таратушысы деп айта аламыз. Сондықтан ел алдында жүрген, үлгі тұтатын адамдардың дінді, оның үстіне теріс діни ағымдарды насихаттауы қатты белең алып жатыр. Кейбір аймақтарда спорттық секциядағы әсіре діншіл бапкерлердің кесірінен балаларын алып кетіп жатқан ата-аналар жайлы білеміз. Әр спортшының, жалпы, әр адамның діні өзінің жүрегінде болуға тиіс және кез келген қарсы тараптағы адамның наным-сеніміне құрметпен қарауы керек. Еліміздегі спорттың бір кемшілігі осында, — дейді ол.

Қорыта айтқанда, кез келген маман иесінің, спортшының жетістікке жетуі не құлдырауына оның діни ұстанымының еш қатысы жоқ. Дін – ешкімге де кедергі емес. Азаматтың діни ұстанымына байланысты спортшының жетістігіне баға беруге болмайтыны анық. Әйтсе де, әсіре діншілдік пен спортты ұштастыру арқылы өзге азаматтарға, соның ішінде жастарға діни мотивтегі әңгімелерді насихаттау өте қауіпті құбылыс екенін ескерген абзал.

Коллаж: Canva.

Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Норвегия мен Словенияға қарсы матчтарға кім шақырылды

Норвегия мен Словенияға қарсы матчтарға кім шақырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In