Дүйсенбі күні испандық «Mundo Deportivo» басылымында Алматы қаласының «Қайрат» клубының ойыншысы туралы мақала жарияланды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Шолушы Оскар Сарате жазғандай, келесі маусымда ағылшындық «Челси» клубында ойнайтын 17 жастағы футболшы Дастан Сатпаев дүйсенбі күні «Жеңіске» қарсы матчта дубль авторы атанды.
— Сатпаевтың алғашқы голы расында да тамаша болды. «Қайраттың» 9-нөмірлі жас таланты айып алаңының шетінде допты қабылдап, оны тамаша өңдеді де, матчтың алғашқы минуттарында-ақ оң аяғымен қайтарымсыз соққы жасады. 37-минутта Сатпаев өзінің шеберлігін тағы көрсетті — қарсыласынан жылдамдықпен озып, «Жеңістің» қақпашысы Сергей Игнатовичті төменгі бұрыштан қапы қалдырды, — деп жазады испандық басылым.
«Қайрат» турнирлік кестеде 52 ұпаймен көш бастап тұр, бұл — екінші орында тұрған «Астанадан» екі ұпайға артық. Чемпионаттың аяқталуына үш ойын қалды. Чемпиондық тағдыры соңғы турда (26 қазан) Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Астана» арасындағы кездесуде шешілуі мүмкін.
Бүгін «Реал Мадрид» Испания чемпионаты аясында кезекті ойынын өткізеді. 2025/26 жылғы Ла Лиганың алтыншы туры аясында «Леванте» мен «Реал» кездеседі.
Матч 23 қыркүйекте, Еуропа уақытымен сағат 19:30–да басталады. Сарапшылар алда болатын кездесуде мадридтіктер жеңіске біртабан жақын екенін айтады.
Клубтық әлем чемпионатынан кейін «Реал» Австрияның «Тироль» клубына қарсы бір жолдастық матч өткізіп, оны 4:0 есебімен жеңген болатын.
«Реалдың» осы маусымдағы нәтижесі — 100%: Ла Лигада «Осасуна», «Овьедо», «Мальорка», «Реал Сосьедад» және «Эспаньол» клубтарын жеңіп, бес матчта бес жеңіс. Чемпиондар лигасында мадридтіктер «Марсельді» 2:1 есебімен жеңді.
15 ұпай жинаған «Сливочные» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр, олар ең жақын қуғыншы — «Барселонадан» екі ұпайға алда.
Фото: kazfootball.kz.