Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Демеу Жадыраев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті.
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері 77 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күреседі.
Жұбаныш белдесуінде Жадыраев украиналық Игорь Бычковты 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Енді отандасымыз венгриялық балуан Роберт Фричпен қола медальді сарапқа салады.
Фото: ҰОК.