Бұл туралы комментатор Бегасыл Сейітхан жазды.
14 қыркүйекте «Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол клубтары арасында матч өтті.
Анарбеков ойынның 11 минутында жарақат алып қалды. Ақтөбе қорғаушы Уче Агбо шынтағымен қақпашының жақ сүйегіне кіріп кеткен. Салдарынан Анарбеков төменгі жақ сүйегін сындырып алған.
Осыған байланысты Темірлан қатарға шамамен 40 күннен кейін ғана қосылады. Демек «Спортинг» пен «Реалға» қарсы ойынға қатыса алмайды деген сөз.
Айта кетейік, командадағы бірінші қақпашы Александр Заруцкий де жарақат алған еді.
Қос қақпашысынан айырылған «Қайрат» қақпасын ендң небәрі 18 жастағы Шерхан Қалмұрза қорғайды. Жас қақпашы кеше «Ақтөбеге» қарсы ойында алаңға алғаш рет шықты.
Ал бұл Шерханның Қайрат футбол клубы сапындағы дебюті.