Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Наталья Богданова (70 келі) алтын медаль алды.
Отандасымыз финалда бас жүлдені аустралиялық Лекейша Перголитимен сарапқа салды.
Жекпе-жек барысында қазақстандық сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде Наталья ел құрамасы қоржынына алтыншы алтын медальды салды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Махмұд Сабырхан (55 келі), Санжар Ташкенбай (50 келі) және Алуа Балқыбекова (51 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) әлем чемпионы атанса, Назым Қызайбай (48 келі) күміс жүлдегер болды.
Фото: Қазақстан ҰОК.