Алматылық команданың қақпашысы «Ақтөбе» ойыншысы Жайро Жанмен соқтығысып, жақ сүйегін сындырып алды.
Ақтөбеде өтіп жатқан матчта алматылық клубтың қақпасында 18 жастағы Шерхан Қалмұрза тұр.
«Қайрат» клубы әзірге өз алаңында 1:0 есебімен қарсылас команданы жеңіп жатыр. Кездесудегі бірінші голды Дастан Сәтпаев соқты.
Айта кетейік, «Қайрат» 18 қыркүйек күні ЧЛ аясында «Спортингпен» кездеседі.
Фото: видеодан алынған скрин.