Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан Аида Әбікеева (65 келі) 1/2 финалға шықты.
Жекпе-жек барысында Аида бірінші және екінші раундта қарсыласынан басым түсті.
Нәтижесінде ол қарсыласын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Қазақстандық былғары қолғап шебері ширек финалда түркиялық Бусеназ Сурменелимен қолғап түйістірді.
Түркиялық боксшы қазірге дейін 2020 жылы Токио Олимпиадасында чемпион атанса, әлем чемпионатында үш мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.
Әлем чемпионатында Аида Оңтүстік Корея елінің өкілі Кан Сок Ен, Лука Хамори (Венгрия) секілді қарсыластарын қапы қалдырып кетті.
Фото: Қазақстан ҰОК.