1/4 финалдық жекпе-жекте 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сабырхан қарсыласы — Косово елінің өкілі Башким Бажокуды алғашқы раундта нокаутпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
«55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырханның өнері ерекше әсер қалдырды. Ол Косоводан келген Башким Бажокуды бірінші раундта-ақ нокаутқа түсіріп, медаль үшін айқасқа жол ашты. Енді ол жапон боксшысы Руи Ямагучимен кездеседі. Сабырханның бұл жеңісі Қазақстан құрамасы үшін табысты күннің жарқын бөлігі болды. Команда барлық төрт жекпе-жекте жеңіске жетті», – деп жазды ресми сайт.
Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл әлем чемпионаты World Boxing ұйымы өткізген ересектер арасындағы алғашқы біріншілік болып саналады. Дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады.
Фото: ҰОК.