Қазақтан ерлер құрамасының өкілі Нұрбек Оралбай бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп жазады 1bol.kz.
Қазақстандық боксшы 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.
Нұрбек Оралбай бұл кезеңде Қытай елінің өкілі Тоқтарбек Таңатханмен кездесті. Үш раунд бойы қарсыласына мүмкіндік бермеген Нұрбек Оралбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) әлем біріншілігінің ширек финалына өтті.
Фото: ҰОК.