Бұл туралы англиялық клубтың баспасөз-қызметі мәлімдеген болатын.
Португалиялық маман маусым басынан клуб басшылығымен дұрыс емес. Санту бұл туралы бірнеше рет мәлімдеген. Ақыры бапкер мен клуб директоры Евангелос Маринакостың арасындағы түсініспеушілік португалиялықтың кетуіне әкеліп соғыпты.
Айта кетейік, Санту «Ноттингем Форестті» 2023-жылдан бері жаттықтырып келеді. Былтыр португалиялық бапкер команданы Еуропа Лигасына шығарған болатын.
51 жастағы маман 2024-25-жылғы маусымда АПЛ-де үш рет айдың үздік бапкері аталымын ұтып алды. Ағылшын премьер-лигасында мұндай жетістікке былтыр ешқандай маман жете алмағанын айта кету керек. Португалиялық жаттықтырушы сондай-ақ, Англияда тағы «Вулверхэмптон» және «Тоттенхем» командаларымен жұмыс істеді. Ал 2005-06-жылғы маусымда мәскеулік «Динамоның» қақпашысы болғанын да қоса кетуге болады.
ҚФФ президенті Марат Омаров жақын күндері құраманың бас бапкері мәселесін шешетінін мәлімдеген. Естеріңізде болса, бұл қызметтегі Әли Әлиев Бельгиядан ұтылған соң жұмыстан кететінін айтқан болатын. Нуну Эшпириту Санту осыған дейін ұлттық құрамалармен жұмыс істемеген еді. Жақсы ұсыныс болсағ кім біледі, мүмкін өзін жаңа қырынан сынап көруге келісіп қалар…
Фотода: Нуну Эшпириту Санту.