Өзбекстанның ұлттық Олимпиада құрамасы Париж-2024 Олимпиадасында 8 алтын медаль жеңіп алып керемет жетістікке жетті! Өзбек бауырлар жарап тұр!
8 алтынның 5-уін қоржынға боксшылары салды. Финалға шыққан жетеудің бесеуі чемпион атанып, нәтижелігі жағынан Өзбекстан Олимпиада тартхында болмаған көрсеткішке қол жеткізді.
Бокстан олимпиада алтынынан коллекция жасап келген кубалықтардың өзінің ең жоғарғы нәтижесі 1992 жылы Барселонада болған олимпиада екен. Ол кезде “Бостандық аралының” спортшылары 12 алтынның 7-уін алған. Процент жағынан демек өзбектер алда.
Қалған үш алтынды Өзбекстана дзюдо, таэквондо, еркін күрес шеберлері әперді.
Бір Олимпиадада бірден үш өзбек спортшысы екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Кем дегенде посткеңестік елдерде мұндай нәтижені Ресей ғана көрсеткен шығар.
Бұл феноменнің себебін зерттеу керек. Әзірге байқағаным, өзбек боксшылары Лондон олимпиадасынан бері тұрақты түрде жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Демек жүйелілік бар.
Кез келген салада нәтиже балалардың дамуына ақша салғаннан басталады. Балалар спорты дамыған елдің нәтижесі де тұрақты. Балалар футбол мектебі өте жақсы жолға қойылған Испания клубтық һәм құрама деңгейінде үнемі жоғары нәтиже көрсетеді. Биыл Euro Under 19, Euro 2024-тен бөлек Олимпиада алтынын да Испанияның футболдан құрамасы алып кетті.
Одан бөлек бапкерлер мектебі мен бапкерлік жүйесіндегі жүйелік! Бапкері әлсіз, бапкердің талабы осал болған жерден чемпион шығуы қиын! Әзірге осындай ой!
Дәнеш Асқарбекұлы Байболатов