Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан Бейбарыс Жексен (60 келі) 1/4 финалға шықты.
Отандасымыз 1/8 финалда үндістандық Сачинмен қолғап түйістірді. Бибарыс жекпе-жек барысында төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Енді ол өзбек боксшысы Абдумалик Халоковпен кездеседі.
Айта кетсек, бұдан бұрын бүгін ел құрамасынан Төрехан Сабырхан (70 келі), Гүлсая Ержан (80 келі), Аида Әбікеева (65 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде сайысқа түседі. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай болса, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.
Фото: Сали Сабиров/Қазақстан ҰОК.