Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады.
Жерлесіміз 90 келіден жоғары салмақтың 1/8 финалында түркиялық Мусахит Илиаспен өзара мықтыны анықтады.
ҚР ҰОК мәліметінше, Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының өкілі Сабыржан Аққалықов бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберді.
Бейбарыс Жексен бокстан әлем чемпионатында үндістандық қарсыласын жеңді.
Аида Әбікеева 1/4 финалға өтті.
Сағындық Тоғамбай бокстан әлем чемпионатында ширек финалға шықты.
Төрехан Сабырхан бокстан әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті.
Гүлсая Ержан бокстан әлем чемпионатында ¼ финалға өтті.
Фото: Сали Сабиров/Қазақстан ҰОК.