2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Уэльс ойыны ертең, 4 қыркүйекте Астанада өтеді. Белламидің айтуынша, ол шәкірттерінің синтетикалық алаңнан кейінгі физикалық жағдайына алаңдаулы.
«Ашық айтайын, мұндай жабындарға мүлде қажеттілік жоқ деп ойлаймын. Төменгі лигаларда қаржы жетіспегендіктен табиғи газонды ұстап тұру қиын екенін түсінемін. Бірақ ең жоғары деңгейде алаң тек табиғи шөп болуы тиіс. Әрине, Бельгияда да бір-екі жасанды алаң бар, бірақ бұл басқа жағдай», – деді ол Nation Cymru-ге берген сұхбатында.
Ол денсаулыққа зиян екенін қайта-қайта айтумен болды.
«Бұл Қазақстан құрамасы үшін артықшылық бола ма, білмеймін. Қалай болғанда да, доп домалай береді. Маған ойыннан кейін аяққа түсетін салмақ әлдеқайда маңыздырақ. «Шөптің үстінде сырғанап кетесің, ал жасанды алаңда аяқ тұрып қалады. Соққыны өзің қабылдайсың, айналым жоқ. Бұл аяққа, әсіресе тобық пен буындарға артық салмақ түсіреді. Ойынға әсерінен гөрі буындар мен аяқтарға қаншалық зиян келтіретіні туралы көбірек ойлаймын. Дегенмен, кейбір ойыншыларға мұндай алаң ұнайды», — деді Беллами.
Фото: ©ig.com/fawales.