Көпшілік Нұрлан имам деп білетін белгілі дін қызметкері Нұрлан Байжігітұлы кеше ұлттық команда футболшыларымен кездесіп, батасын берді, деп жазады Аладоп.kz.
«Ертең дәл осы аренада Қазақстан құрамасы Уэльспен ойнайды. Бұл кездесуге біздің құрамамызды бас бапкер Әли Әлиев бауырымыз алып шығады. Бүгін ойыншыларымызбен кезігіп, бата беріп, жақсы ниетімді айттым. Ел намысы үшін олар барын салып, бақ пен бабы бірге өрлейтініне сенемін. Баршамыз жігіттеріміз үшін дұғада болайық. Жаратқан жар болсын!» — деді Н. Байжігітұлы.
Бүгін Әли Әлиев жаттықтыратын Қазақстан мен Уэльстің матчы 19:00-де басталады. Қыркүйектің 7-де біздің команда сырт алаңда Бельгиямен шеберлік байқасады.
Фотода: Нұрлан Байжігітұлы.