Қазақ файтері UFC-де тағы да октагонға шығады, деп жазады penalty.kz.
Қарсыласы кім?
Алмабаев UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесінде тоғызыншы орында тұр. Оның қарсыласы – америкалық Алекс Перес рейтингте сегізінші сатыда. Перес бұған дейін қазақстандық спортшыға ашық түрде шақыру тастаған еді.
Қайда және қашан өтеді?
Бұл айқас 21 қарашада Дохада өтпек. Айта кетерлігі, бұл – тарихтағы Катарда ұйымдастырылатын алғашқы UFC турнирі болмақ.
Асу Алмабаев соңғы рет 27 шілде күні Әбу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде Перудің өкілі Хосе Очоаны қазылардың бірауыздан шешімімен жеңген. Осылайша қазақстандық спортшы ұйымдағы жеңісті жолын жалғастырып келеді.
33 жастағы Алекс Перес болса UFC-де 2017 жылдан бері өнер көрсетіп жүр. 2020 жылдың қарашасында ол үш жеңістен кейін титулдық жекпе-жекке шығып, бірақ алғашқы раундта Дейвесон Фигередоға жеңілген.
Фото: sportnews.kz.