Өзбекстандық Upl.uz порталы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаевтың «Қайраттан» «Челси» клубына ауысуын жоғары бағалады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресурс атап өткендей, иелері ауысқаннан кейін лондондық клубтың трансферлік саясаты түбегейлі өзгеріп, жаңа нарықтарда белсенді жұмыс жүргізе бастады. Енді клуб дайын жұлдыздарға емес, жас таланттарға, соның ішінде Орта Азиядан шыққан ойыншыларға басымдық беріп отыр.
Лондондық скауттар Өзбекстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда және Тәжікстанда жасырын жұмыс жүргізіп, жасөспірімдер турнирлерін және жергілікті лигаларды мұқият бақылайды. Басты мақсат – перспективалы ойыншыларды бағасы көтеріліп, бәсекелестер қызығушылық танытпай тұрып табу.
«Жаңа тәсілдің тиімділігі әлдеқашан дәлелденді. Осы скауттар тобының жұмысының нәтижесі ретінде қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаевтың «Челси» клубына ауысу туралы келісімге қол қойылды. Футболшы келесі жылы лондондық клубқа қосылады, бұл — бүкіл Орта Азия футболы үшін маңызды оқиға. Бұл трансфер «Челсидің» ниетінің салмақтылығын көрсетіп, көршілес елдердегі жас ойыншыларға тікелей белгі болып отыр.
Өзбекстандық жас футболшылар үшін олардың ойындары, техникалық қабілеттері мен дамуы назардан тыс қалмайтынын түсіну өте маңызды. Әлемдік футболдың көшбасшыларының бірі тарапынан жасырын бақылау — бүгінгі таңда өзін көрсетуге және әлемдегі ең үздік академиялардың біріне түсуге нақты мүмкіндік бар екенін білдіреді», – деп жазады сайт.
Еске салайыө, 2025 жылдың ақпан айында «Қайрат» Сәтбаевтың «Челси» клубына трансферін растаған болатын. Келісім бойынша, талантты форвард 2026 жылдың жазында, 18 жасқа толған соң, ағылшындық клубқа қосылады.
Фото: Дастан Сәтбаев ©»Қайрат» ФК.