Бүгін елордалық «Астана» UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінде өз алаңында Швейцарияның «Лозанна» командасын қабылдайды.
Ойын қазақстандық уақытпен сағат 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде швейцариялық клуб 3:1 есебімен басым түсті.
Аталған матчта Словениядан келген Мартин Матошиге бас төреші міндеті жүктелген. Оған отандастары Александар Касапович мен Матиц Межнар көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Денис Шабанагич болады.
«Лозанна» командасы 1896 жылы құрылған. Өз елінде жеті мәрте чемпион атағын жеңіп алды.
Швейцариялық клуб еурокубок ойындарын Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңін Солтүстік Македонияның «Вардар» клубын (5:0, 2:2) қапы қалдырды.
Ал «Астана» Молдованың «Зимбру» командасын (1:1, 2:0) жеңіп, үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды.
«Астана» швейцариялық қарсыласын жеңген жағдайда плей-офф кезеңінде оларға «Сент-Патрикс Атлетик» (Ирландия) пен «Бешикташ» (Түркия) жұбының жеңімпазы қарсылас атанады. Ойындар 21 және 28 тамыз күндеріне белгілеген.
Фото: «Астана» футбол клубы.