Астаналық хоккей клубы жаңа маусымдағы өз алаңындағы ойындарға абонемент құнын жариялады, деп жазады penalty.kz.
Абонемент бағалары
Ең арзан стандартты абонемент – шамамен 32 000 теңге.
Ең қымбат абонемент – 120 000 теңге.
Өткен маусымда бағалар 25 000 теңгеден басталып, 150 000 теңгеге дейін жеткен болатын.
Не қамтылады?
Абонемент иелері:
- Тұрақты чемпионаттағы өз алаңындағы барлық матчтарға қатыса алады.
- Плей-офф билеттерін сатып алуда артықшылыққа ие.
- Клубтан қосымша бонус пен артықшылықтар алады.
Жанкүйерлер реакциясы
Бағаны жариялаған клуб жазбасына жанкүйерлер бірден пікір қалдырды. Кейбірі сәл мысқылмен, кейбірі сынмен жазды:
- «Кімдер ойнайды?»
- «Трансферлер қайда?»
Фото: hcbarys.kz.