Астаналық «Астана» да еурокубоктағы жорығын жалғастыруда. Алдыңғы кезеңде команда Молдованың «Зимбруын» сенімді түрде жеңіп, енді Швейцарияның «Лозанна» клубымен кездесуге дайындалып жатыр. Осылайша, Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде Қазақстаннан екі команда – «Қайрат» пен «Астана» бар. Ал «Ақтөбе» Праганың «Спартасына» ірі есеппен жол беріп, турнирден шығып қалды. 1XBET сарапшылары «Астананы» матчтың жасырын фавориті деп санайды.
«Қайрат» пен «Астананың» мүмкіндіктері қандай?
«Қайратқа» өте ыңғайсыз қарсылас бұйырды. «Слован» — алты мәрте Словакия чемпионы, шабуылдаушы стильмен ойнайтын, жиі ірі есеппен жеңетін команда. «Қайраттың» қорғанысында кемшіліктер бар, дегенмен олардың артықшылығы – ойыншылардың терең құрамы. 10 тамызға жоспарланған матч Орталық стадионда өтетін концертке байланысты кейінге шегерілді, бұл «Қайратқа» қалпына келуге қосымша уақыт берді. Алдағы «Ұлытаумен» өтетін ойында еурокубоктарда негізгі рөл атқармайтын ойыншылар алаңға шығуы мүмкін. Ал «Слованның» күнтізбесі тығыз – олар дәл осы аралықта төрт матч өткізеді.
1XBET аналитиктерінің болжамы: «Қайрат» өз алаңындағы кездесуде барынша сақ ойнап, қателіктерден аулақ болуға тырысады. Сирек болатын қарсы шабуылдарға мән беріліп, ойынды «құрғату» сценарийі ықтимал. Ең ықтимал нәтиже — тең есеп.
«Астанаға» жеребе қолайлырақ түсті.
Швейцариялық «Лозанна» өз елінің алпауыт клубтары қатарында емес, сондықтан мұндай қарсыласты жеңу – шешілетін міндет. «Астана» қазіргі таңда ҚПЛ-да көш бастап тұр, бірақ турнир кестесінің жоғарғы бөлігіндегі тығыздық демалуға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, астаналық клубтың кестесі де оңай емес: агрессивті «Қайсармен» матч, Швейцарияға сапар, содан соң Қостанайдағы «Тобылмен» кездесу және «Лозаннамен» қарымта ойын. Қызылордалықтармен болатын ойында күшті дұрыс бөлу қажет болады.
1XBET аналитиктерінің болжамы: «Астананың» минималды жеңісі . Сарапшылардың пікірінше, бірінші матчта ешбір команда ірі жеңіске жете алмайды. «Астананың» гол сәттерін іске асырудағы әлсіздігі мен «Лозаннаның» қорғаныс тактикасы есептің минималды болуына әкелуі мүмкін – 1:0 Қазақстан клубының пайдасына.
Фото: 1xbet.