Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Нұрмат Мырзабаев «Тараз» ФК бас бапкері қызметінен кетті. Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі Instagram парақшасында ресми түрде жариялады, дейді penalty.kz.
Ресми мәлімдеме
“Ресми түрде хабарлаймыз: НҰрмат МФрзабаев “Тараз” футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті. Клуб ұжымы Нурмат Нарманұлына атқарған еңбегі мен команданың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Команданы келесі матчқа бас бапкердің көмекшісі Әзиз Анарметов дайындайды. Нұрмат Мырзабаев клубтағы жұмысын QJ League командаларының үйлестірушісі ретінде жалғастырады”, — делінген клубтың хабарламасында.
Бапкерлік кезеңі мен нәтижелері
Мырзабаев “Тараз” клубының бас бапкері қызметіне 2025 жылдың мамыр айының соңында тағайындалған. Алайда оның жетекшілігімен команда жоғары нәтиже көрсете алмады.
Бірінші лигада өткен 15 матчтан кейін “Тараз” небәрі 13 ұпай жинап, турнирлік кестеде 12-орында тұр.
Фото: tarazfc.kz.