Аталған айқас Ұлыбританияда өтеді. Жеңімпаз орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атанады. Қазіргі таңда бұл белбеу қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) тиесілі.
WBO президенті Густаво Оливьери X әлеуметтік желісінде:
«WBO, орта салмақ – Бентли мен Сааведра арасындағы іріктеу жекпе-жегі. Тараптар WBO чемпионаттар комитетінің шешімі аясында келісімге келді. Жекпе-жекті Queensberry промоутерлік компаниясы ұйымдастырады, ол қазан айында өтеді. Қосымша мәлімет алдағы уақытта жарияланады», – деп мәлімдеді.
29 жастағы Бентли үшін бұл – әлем чемпионы атағына қайта таласуға үлкен мүмкіндік. Ол 2022 жылдың қарашасында Жәнібекпен жұдырықтасып, тартысты жекпе-жекте ұпай санымен жеңілген еді. Содан бері қазақстандық боксшы WBO белбеуіне қоса IBF нұсқасы бойынша да чемпион атанды.
Фото: Getty images.