• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 16 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Тұлға мен тарих

«Қайрат» өз алаңында ұтуы керек, КуПС-тан өтуі керек!

Белгілі бапкер алматылық клубтың Чемпиондар Лигасындағы мүмкіндігін бағалады

28/07/2025
in Тұлға мен тарих, Футбол
0 0
0
«Ливерпуль» шабуылшысы «Баварияға» ауысқалы жатыр
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Отандық маман Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» тілшісімен сұқбаттасып, «Қайраттың» ЧЛ 2-іріктеу кезеңіндегі жауапты кездесудегі мүмкіндігін бағалап, болжамын айтты. 

— Болат Жолдасұлы, «Қайрат» ЧЛ қарсаңында «Тобылды» ұтты. Осы ойын туралы не айтасыз?

«Тобыл» биылғы маусымда бір-ақ рет ұтылды. Ол кезде де «Қайраттан» жеңілген болатын. Сәуірден бері ұтылмай келе жатқан. Оның үстіне қостанайлықтар өз алаңында бәрінен басым түсіп келген еді. «Тобыл» да «Қайрат» та негізгі құрамдарын шығарды. Меніңше, алматылық клубта «бір конкурентты құрту керек» деген мақсат болды. Сол үшін ұтуға барын салды. «Қайрат» бір бас жоғары ойнады, алаң иелері ештеңе істей алған жоқ. Ойындары дұрыс жүрмеді. Екі команда да шабуылға көңіл бөледі. Қостанайлықтар сапында, алматылықтардың қатарында да мықты шабуылшылар бар. Бірақ, «Тобыл» алдыңғы шепте ештеңені іске асыра алмады. Матчтың есебін әділ деп айтуға болады.

— Ертең, Алматыда қандай нәтиже күтесіз, «Қайраттың» мүмкіндігі бар ма?

— Тең ойнауға болатын жерде, ұтылып қалды. Енді алматылық клубқа қиын болады. Финляндиялық команда сапында басым бөлігі жастар, тәжірибелі екі-үш легионерлері бар. Кезінде өзім Финляндияда ойнадым, олар өліспей-беріспейтін жігіттер. Финдарда физика жағы да жақсы, жылдам келеді. Командалық ойында мықты, жекелеген күресте де ешкімге дес бермейді. Ірі есеппен ұтылып жатса да соңына дейін күреседі. Сондай менталитет —  Викинг дейді оларды. Бірақ, «Қайрат» өз алаңында ұтуы керек. Меніңше, бірінші тайда бір-екі гол салып алса, ары жағы жеңіл болады. Оның үстіне «КуПС-тың» сырт алаңдағы ойыны нәтижелі емес. Финляндия чемпионатын қарап отырсаңыз да, тең ойнайды, төмен келе жатқан командадан ұтылып қалатыны байқауға болады. Олардың Алматыға чартерлік емес, кәдімгі рейспен келетінін де естіп қалдық. Бұл жайт та жауап ойынға өз әсерін тигізуі мүмкін. Бірнеше жерде аялдайды, команда біраз шаршап келеді деп ойлаймын. Бір жағынан бізде Алматының биікте орналасуы да әлсіретеді. Одан кейін, әрине өз алаңы мен жанкүйерлер факторын ұмытпау керек – өткендегі словениялық командаға қарсы ойындағыдай 20 мың жанкүйер жиналса, сол бір аура «Қайратқа» көмектеседі. «Қайрат» бұл командадан өтуі керек. «Тобылға» қарсы ойын «Қайраттың» әлеуетін көрсетті. Бірақ, «КуПС-қа» қарсы мүлде басқа ойынды көреміз. Финдар көп жағдайда қорғаныс арқылы ойнайтын шығар. 2 гол басымдығын сақтаймын деп анда-санда қарымта шабуылдарға шығуы мүмкін. Бұл матчта гол салатын мүмкіндік көп болады. Соларды іске асыру керек. Қарсыластың қорғанысы керемет емес. «Қайрат» ұтып, үшінші кезеңге шығады деп ойлаймын.

— Сұқбатыңызға рахмет!

— Сіздерге де!

Tags: «Қайрат» ФКUEFA Чемпиондар лигасыБолат Есмағамбетов
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
ҚПЛ-2025: Биыл қай клуб чемпион болады?

ҚПЛ-2025: Биыл қай клуб чемпион болады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингідегі орны жоғарылады

15/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In