• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Вторник, 19 августа, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Олимпиада

Катар 2036 жылғы жазғы Олимпиаданы өткізуге ресми үміткер атанды

Катар 2022 жылы футболдан әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырған еді

24/07/2025
in Олимпиада
0 0
0
«Қайрат» фин командасынан оңбай жеңілді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Катар 2036 жылғы Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге ресми өтінім берді. Бұл туралы елдің Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлап, тиісті құжаттардың Халықаралық Олимпиада комитетіне жолданғанын растады, деп жазады Anadolu Ajansı, дейді 1bol.kz.

Мемлекет соңғы жылдары спорттық инфрақұрылым мен ұйымдастырушылық әлеуетін жан-жақты дамытып келеді. Елдің Олимпиадалық комитетін басқаратын шейх Джуан бин Хамад Әл Тани бұл бастаманың спорт арқылы халықтар арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшілікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ елдің премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Абдуррахман Әл Тани Катар бұл өтінім арқылы «бейбітшілік жолындағы спорт» қағидатын ұстанатынын және заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған инфрақұрылымы толық дайын екенін жеткізді.

Айта кету керек, Катардың мұндай ірі жарысты өткізуге дайындығы бұрынғы халықаралық тәжірибелермен дәлелденген. Әсіресе, 2022 жылы өткен футболдан әлем чемпионаты жоғары деңгейдегі ұйымдастыруымен есте қалды.

Егер ХОК өтінімді қабылдаса, Катар Олимпиаданы өткізген Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы аймағындағы алғашқы мемлекет атануы мүмкін.

Бұған дейін Катар 2006 жылы Азиада ойындарын, 2015 жылы гандболдан әлем чемпионатын, 2019 жылы жеңіл атлетикадан әлем біріншілігін және 2024 жылы су спорттарынан әлем чемпионатын сәтті ұйымдастырған. Ал алдағы жылдары елде 2025 жылы үстел теннисінен, 2026 жылы нысана көздеуден, 2027 жылы баскетболдан (FIBA) әлем чемпионаттары, сондай-ақ 2030 жылы кезекті Азиада ойындары өтеді деп жоспарланып отыр.

Фото: Getty Images News.

Tags: ОлимпиадаПаралимпиада
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
«Қайрат» фин командасынан оңбай жеңілді

Жеңілмеген қазақ боксшысы «Канелоға» көз тікті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

11/08/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ағайынды Оралбайлар мен Сабырхандар». Әлем чемпионатына баратын құрама анықталды

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Барыс» тағы екі легионерді қатарына қосты

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ордабасының» молдовалық бапкері қызметінен кете ме?

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

Тимур Турлов Қарағандыда футбол федерациясының президенті болды

18/08/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ағайынды Оралбайлар мен Сабырхандар». Әлем чемпионатына баратын құрама анықталды

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Барыс» тағы екі легионерді қатарына қосты

18/08/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In