• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 17 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Астанада Tekken 8 ойыны бойынша халықаралық турнир өтті

Жарысқа жүзге жуық ойыншы қатысты

16 июля, 2025
in Енді не істейміз?, Жекпе-жек
0 0
0
«Қайрат» «Олимпияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Астанада Comic Con Astana 2025 фестивалі аясында «файтинг» жанрындағы танымал компьютерлік ойын Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтті, деп жазады 1bol.kz.

Халықаралық TEKKEN World Tour Dojo сериясына кіретін бұл турнир киберспорт әлемінде маңызды ойындардың бірі саналады. Себебі, сайыстың жеңімпаздары рейтингтік ұпайлар алып, бір жыл бойы жалғасатын маусым қорытындысы бойынша өз аймағын әлемдік финал – TEKKEN World Tour Finals турнирінде таныстыра алады.

Орталық Азиядағы киберспорттың басты оқиғаларының бірегейі TEKKEN World Tour 2025 ресми кезеңінде 90-нан астам мықты ойыншы әлемдік финалға жолдама мен 400 000 теңге жүлде қоры үшін бақ сынасты.

Алайда, Double Elimination форматында өтіп жатқан бұл сайыста жүлделер мен сыйлықтар көбіне ұйымдастырушылардың шешімімен анықталады, өйткені негізгі екпін рейтинг ұпайларына қойылатынын айта кеткен жөн.

Турнирдің ақтық сайысына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан мен Арменияның киберспорттық құрамалары жолдама алып, I орынды Гарик LMG MoB Галоян, II орынды Чингиз DChingiz Дәулетқали, III орынды Вячеслав 7.62×39 Новиков, IV орынды Аян Disciple Валеев иеленді. Бұдан бөлек үздік сегіздікке арнайы сыйлықтар табысталды.

TEKKEN 8 ойыны бойынша турнирдің бас ұйымдастырушысы, Әлімжан Fazbir Кушербаев:

«Мұндай турнирді ұйымдастыру – BANDAI NAMCO компаниясының, яғни ойынды жасаушылардың ережелерін сақтау арқылы жүзеге асады. Бұл қатысушылардың бет-бейнесі көрсетілетін тікелей трансляция, ресми жарнама мен дұрыс турнирлік торды қамтамасыз ету деген сөз. Қатысу үшін тіркеліп, өткізілетін орынға келу жеткілікті. Қатысу деңгейіне шектеу жоқ – әлемдік жұлдыздар да, ойнауды жаңадан бастағандар да қатыса алады. Турнирдің бас ұйымдастырушысы Qazaqstan Tekken Fighters (QTF) қауымдастығы. Біздің атымыздан өзге қалаларда – ресми де, фанаттық та бірқатар турнирлер өтіп тұрады. Осымен ойындар тоқтап қалмайды, болашаққа жоспар көп. Мәселен, енді алдағы уақытта біз тағы бірнеше Dojo-турнир өткізуді және әлемдік файтинг жұлдыздарын Қазақстанға шақыруды жоспарлап отырмыз. Мақсатымыз киберспортты Қазақстанда да өзге елдердегідей белсенді дамыту. Сол үшін де Халықаралық турнирді ұйымдастыру барысында Comic Con Astana 2025 фестивалінің Otaku Zone аймағындағы арнайы стендке алты ойын станциясын орнаттық.  Мұнда турнир өткен күндері кез келген фестиваль қонағы тегін ойындар ойнап, киберспорт туралы мәлімет алды», — деп, болашақта CS2, Dota 2, PUBG Mobile ойындары сынды TEKKEN-нің де танымалдығы тек көрермендер мен серіктестер үшін ғана емес, киберспортпен таныс емес адамдар үшін де артатынына сенім білдірді.

XXI ғасырда Киберспорт – тек ойын емес, бұл жаңа дәуірдің спорты. Жеңіс тек шапшандыққа емес, шыдамдылық пен жанкешті еңбекпен тікелей байланысты. Қазақстанның да осы сахнада өз орны бар – енді оны дәлелдейтін уақыт келді.

Келешекте киберспорт жастардың арманына жол ашатын, ел мақтанышына айналатын бағыт боларына сенеміз.

Айта кетерлігі, 2019 жылы негізі қаланған Comic Con Astana аз уақыт ішінде Орталық Азиядағы ең ірі гик және поп-мәдениет фестиваліне айналып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлер мен жасампаз тұлғаларды бір алаңда тоғыстырды. Биыл фестивальге 10 000-нан астам шетелдік қонақ қатысып, олардың келу географиясы 36 елді қамтыды.

Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, Comic Con Astana фестиваліне 75 000-нан астам бірегей келуші тіркеліп, жалпы қатысулар саны 120 000-нан асты. Ал алдын ала бағалау бойынша, Comic Con Astana 2025 фестивалінің жалпы медиалық қамтуы 200 миллион адамнан асты.

Comic Con Astana – бұл аймақтағы тек ең ірі гик-фестиваль ғана емес, сонымен қатар туризм мен қалалық бизнесті дамыту құралы, қазіргі жастар мәдениетін кең аудиторияға танытудың тәсілі, әрі әртүрлі ұрпақтарды біріктіретін көпірге айналып отыр.

Фото: TEKKEN 8 | Official Website.

Tags: Tekken 8киберспорт
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
«Қайрат» «Олимпияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты

Тағы бір өзбек футболшысы «Истанбул Башакшехирге» ауысады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Қайрат» «Олимпияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты

Испаниялық клуб 21 жастағы қазақстандық футболшымен келісім жасады

16 июля, 2025
«Қайрат» «Олимпияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты

FIFA 2026: билеттерді қашан және қалай сатып алуға болады?

16 июля, 2025
«Қайрат» «Олимпияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты

Еркебұлан Тұңғышбаев «Ертіс» футбол клубының ойыншысы атанды

16 июля, 2025
«Қайрат» «Олимпияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты

Тағы бір өзбек футболшысы «Истанбул Башакшехирге» ауысады

16 июля, 2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

«Қайрат» «Олимпияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты

Испаниялық клуб 21 жастағы қазақстандық футболшымен келісім жасады

16 июля, 2025
«Қайрат» «Олимпияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты

FIFA 2026: билеттерді қашан және қалай сатып алуға болады?

16 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In