• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 16 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Ислам Байрамуков этикалық кодекске қарсы шықты

Ол белгілі дзюдошы Елдос Сметовті мысал ретінде келтірді

11/07/2025
in Ей, бұларың не?, Енді не істейміз?, Жекпе-жек, Тұлға мен тарих, Ұзынқұлақ, Ұлттық спорт
0 0
0
Сабыржан Аққалықов: Ендігі бағытым — әлем чемпионаты
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Қазақстанда Спорттық этикаға енгізілген жаңа өзгерістер қоғамда қызу талқыға түсті. Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы бұйрығына сәйкес, спортшылардың тәртібіне қатысты бірқатар нақты талаптар бекітілді, деп жазады 1bol.kz.

Жаңа ережелерде жарыс кезіндегі өз-өзін ұстау, қарсыласқа құрмет көрсету сынды ұстанымдармен қатар, спортшылардың діни нанымдарын ашық насихаттауына және бейәдеп сөз қолдануына шектеу қойылған.

Бұл нормаларға қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылуда. Еркін күрестен Сидней олимпиадасының чемпионы Ислам Байрамуков сақал мен діни сөздерге тыйым салуға қарсы шықты.

«Сақалға тиіссеңіздер, басқа дін өкілдеріне де айту керек. Олар да сақалын өсіреді. Біз, мұсылмандар ғана, өз-өзімізбен күресеміз де жүреміз. Бұл өмірге адам Алланың қалауымен келеді. Ендеше, «барымды салып тырыстым, бірақ Алланың маңдайыма жазғаны осы» деген сөзден қандай қауіп бар?» — дейді балуан.

Байрамуковтың пікірінше, дін жолындағы адам тәртіпті, таза болады және қоғамға теріс әсер етпейді.

«Діндегі адам күн тәртібін бұзбайды, жаман әдеттен аулақ болады. Таза жүреді, ойы таза. Сонда Алланың қалауымен деп айтқан адамға айыппұл сала ма, қалай болады?..» — деп шүйлікті ол.

Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов спортта діни көзқарастың тым белсенді көрініс табуы алаңдаушылық тудыратынын жеткізіп, радикализмді ұстанатын саңлақтар көбейгенін айтып еді.

«Іс-шараларға барамыз, сонда ортамызда түрлі саланың өкілдері болады, спортшылар келеді. Сондай пікірталастың арасында «Біз халифат құруымыз керек, құрамыз да» деп ашық айтатындар бар», — деген еді.

Дегенмен Байрамуков бұл пікірге қарсы шығып, мұндай көзқарас білдірушілердің өзінің діни сауаты жоқ екенін айтты:

«Намаз оқитындарға тиісіндердің не дәреті жоқ, не түсінігі жоқ. Ойы да, денесі де таза адаммен қалай, не үшін күреседі? Біз қайта сауатты, салауатты ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Ал біз кедергі жасаймыз».

Ол сондай-ақ белгілі дзюдошы Елдос Сметовті мысал ретінде келтірді:

«Елдос Сметов Париж олимпиадасында топ жарды, сонан соң сәждеге барды. Сонда оған да тыйым саламыз ба? Елдостың Аллаға күш-қуат бергеніне алғысын білдіргенінде тұрған не бар?.. Кейде психологияның өзі спортта жетістікке жетуге аздық етеді. Сондай кезде адамға сенім, дін керек».

Жаңа талаптарда бейәдеп сөздерге де тыйым салынған. Бұл – эмоциясы басым спорт саласында ерекше назар аударатын мәселе. Дегенмен Байрамуков бұл шектеуді орынды деп бағалады.

«Өзгелерге үлгі болатын – дзюдо спорты. Қарсыласқа құрмет деген бөлек, тіпті жеңіске де қуанғаныңды да көрсетпейсің. Теріс қылық жасасаң, бірден жарыстан шеттетілесің… Сондықтан адамда тәртіп болуы керек, ал тәртіп болуы үшін ішкі рухың жоғары болуы қажет», — дейді танымал балуан.

Фото: Туризм жəне спорт министрлігі.

Tags: Елдос СметовИслам БайрамуковПариж олимпиадасыТуризм жəне спорт министрлігі
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Сабыржан Аққалықов: Ендігі бағытым — әлем чемпионаты

Абылайхан Жүсіпов Сабырхан Төреханмен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингідегі орны жоғарылады

15/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In