Бір қарасаң, сену қиын. Бірақ 68 келіге дейінгі әлемдік рейтингтің көшбасшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы антидопинг ережелерін бұзғаны үшін ресми түрде екі жылға жарыстардан шеттетілді. Рашитовтың жасы бар-жоғы – 23-те.
Себебі, өте қызық жайт. Спортшы соңғы бір жылдың ішінде үш мәрте өзінің орналасқан жері туралы ақпаратты дұрыс ұсынбаған. Бұл әрекет спорттық ережелерге қайшы келеді. Енді Рашитов 2027 жылдың 12 мамырынан кейін ғана жарыстарға қайта орала алады.
Улугбек Рашитов туралы қысқаша ақпарат:
- Туған күні: 2002 жылдың 23 наурыз
- Спорт түрі: таэквондо
- Жетістігі: Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы.
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.