Бүгін Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» словениялық «Олимпияға» қонаққа барады, деп жазады penalty.kz.
Кездесу Словения астанасы Люблянада жергілікті «Олимпия» командасына қарсы өтеді. Бұл матчқа жасанды интеллект – ChatGPT өз болжамын ұсынды.
ChatGPT не дейді?
«Бірінші ойында «Олимпияның» жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Есеп 1:0 немесе 2:1 болуы мүмкін. «Қайраттың» гол соғу ықтималдығы бар. Егер командалар ашық әрі шабуылдаушы футбол көрсетсе, екі команда да гол соғуы ғажап емес. Дегенмен, нәтижелілік төмен болады деп күтілуде», – дейді жүйе.
Матч қашан өтеді?
«Олимпия» – «Қайрат» кездесуі бүгін, 8 шілде күні Астана уақытымен 22:00-де басталады. Ойынның тікелей трансляциясын «Qazsport» арнасынан тамашалай аласыз.
Қарымта матч
Екі команда арасындағы қарымта кездесу 15 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойынның басталу уақыты – 20:00.
Айта кетейік, «Қайрат» Қазақстан чемпионатында үздік үштікке еніп отыр. Ал «Олимпия» – Словенияның чемпиондық атағына үміткер тұрақты ұжымдардың бірі.
Фото: Vesti.kz.