Қазақстандық футзалдағы маңызды жаңалықтардың бірі – «Ақтөбе» клубының құрамындағы барлық бразилиялық ойыншы команданы ресми түрде тастап кетуі болды, деп жазады penalty.kz.
Маусым басталар алдында «Ақтөбе» тізгінін ұстаған бапкер Виктор Тарчило құрамға төрт бірдей бразилиялықты шақырған еді. Қазір ол клубтың экс-бапкері саналғанымен бұл трансферлік шешімдер өз тиімділігін толық ақтады. Сарапшылардың пікірінше, Тарчилоның таңдауы ең жоғары баға – «5+» деңгейінде бағалануға лайық.
Әр бразилиялық өз орнын тапты
Алаңдағы нәтижелер де осыны айқын көрсетеді:
Биэл – 40 гол мен 28 нәтижелі пас авторы. Чемпионаттағы үздік сұрмергендердің үштігіне кіріп, «гол+пас» жүйесінде екінші орынға ие болды.
Филипиньо – 23 гол және 23 ассист жасап, шабуыл шебінде тұрақты ойын өрнегін көрсетті.
Бока – 16 гол мен 11 нәтижелі пасымен команданың маңызды ойыншыларының бірі болды.
Чураско – қорғаныста ойнаса да, 17 гол және 18 ассистпен көзге түсті. Көптеген сарапшылар оны өз позициясындағы үздіктердің қатарынан көрді.
Маусымды қалай аяқтады?
«Ақтөбе» футзал клубы биылғы маусымда плей-офф кезеңінде «Атырауға» жол беріп, ел чемпионатын төртінші орынмен аяқтады. Бұл нәтижеге қарамастан бразилиялық легионерлердің үлесі зор болғаны даусыз.
Фото: Instagram/@futsalkazakhstan.