• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 20 августа, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Бокс

Токиода тоңқалаң асқан қазақ боксы

Парижде ақтық демін алуда

01/08/2024
in Бокс, Ей, бұларың не?, Енді не істейміз?, Олимпиада
0 0
0
Токиода тоңқалаң асқан қазақ боксы
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Ұлттық құраманың үкілеген үміті Махмұд Сабырхан да Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев бастаған «ұлы көшке» қосылды.
Шыны керек, Махмұд қазақ боксына құбылыс болып келген жалынды жастардың бірі. Тек, өзіне сай салмақты таба алмай, сенделіп жүр. Анығында, құраманың тізгінін ұстағандар сенделтіп, сергелдеңге салып қойды. Ол әуесқой бокстағы жетістіктерінің бәріне 54 келіде қол жеткізген. Ал 57-ге ауысқалы оңған нәтиже көрсеткен жоқ. Мұны түсіну бас бапкерге де, басқаға да аса көп ақылды қажет етпесе керек. Бұған дейін күреңбайкөз сыншылар «Махмұд 51 келі салмақтың боксшысы, 57 келі оған үлкен, бойы да, бітімі де келмейді», – деп талай рет шырылдады. Бірақ, не федерация, не бапкерлік құрам оған құлақ асқан да жоқ. Өйткені, мемлекеттің бокстағы абыройы Айтжановтың «Өз шәкірттерімнің ішінен Олимпиада чемпионын шығарамын» деген асқақ амбициясынан аса алмай тұр. Бір кездері тағы бір төл шәкірті Біржан Жақыпов үшін Теміртасты да талай жыл тұсаулап келгені өз алдына бөлек әңгіме. Дегенмен, Теміртас темірдей төзімінің арқасында соңына дейін шыдап, Белградтағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Осы ретте спортшының бәрі Теміртастай берік емес екенін де ұмытпағанымыз жөн.
Айтжановтың өзінің 3-ші олимпиадасына құраманы бастап баруына да қарсы болған адамдар аз емес. Иә, біреулер «Айтжановтың кезінде Лондон мен Риода қос-қостан финалға шығып, медальға қарық болдық» дегенді алға тартады. Бірақ, оның бәрі тек Мырзекеңнің ғана еңбегі емес екенін ескермейді. Рас, бұл құрамада да Айтжанов бар, бірақ мұнда Сәпиев пен Елеусінов, Ниязымбетов пен Левит және олардың бойындағы жеңіске деген құлшыныс пен көздеріндегі жалын жоқ.
Барлығына Айтжановты ғана айыптау беруге де болмайтын шығар. Себебі, құрамада сол секілді қаншама «мырзағали» жүр. Бәрі өздерінің шәкірттерінен ғана чемпион шығарып, сол жолда кез келгеннің тамырына балта шабуға даяр. Оның үстіне жершілдік, рушылдық, дарынына емес, танысына қарай алалау асқынып, қазақ боксының сорын қайнатуда. Спорт журналисі Айдос Рымқұл «Ұлттық құрамада шәкірті бар бапкер — Бас бапкер қызметінде болмауы керек. Сол кезде бәріне нейтрал қарайды, өз шәкірті үшін басқалардың бағын байламайды! Әйтпесе трайбализм, шәкіртін сүйреу, өз жерлесін сүйреу болған, бола береді» дегенді жиі айтады. Өз басым бұған толығымен келісемін. Онсыз осы бокстың құлдырағаны құлдыраған. Кешегі Асланбек пен Қамшыбектің де жеңілісі осы «жарымжан» жүйенің салдары. (Асланбек туралы пікірді білікті бапкер Тұрсынғали Еділов нақты білдіріпті)
Бұрын, анығында Рио Олимпиадасына дейін классикалық мәнердегі бокс бізде еді. Соның арқасында Куба, Украина секілді бокс державаларымен сан рет иық тірестірдік. Ал қазір австралиялық та, испандық та, тіпті иорданиялық та біздің жігіттерді алып та, шалып та жығып жатыр. Олимпиада түгілі, Азияның өзінде алтын алу мұңға айналды. Алтын тұрмақ, жолдамаға қол жеткізсе, соған шүкір ететін күнге жеттік. Мұндайда боксқа жауапты мамандар «Бокс барлық елде дамып жатыр» дегенді жиі айтады. Алайда, олардың ешқайсысы «Бокс барлық елде дамып жатыр, тек бізде емес» дегенді мүлде мойындағысы келмейді. Бүгінде өзгелер өрге ұмтылып жатқанда біз төмен қарай құлдилап келеміз. Ал құлдилау соңы – құрдым мен күйреу. Оның үстіне қазіргі бокс та басқаша сипат ала бастады. Бұрынғыдай жарқын жекпе-жектер жоқтың қасы. Екі қолын көтеріп, өршелене алға ұмтылғанның бәрі жоғары баға алып, жеңіске жетіп жатыр. Сондықтан бізге де құраманы заман ағымына қарай бейімдеп, жаңаша бағытта жаттықтыратын жаңашыл жаттықтырушы керек. Себебі, советтен қалған сүрлеу еш нәтиже бермейтініне әр жарыс сайын көзіміз жетіп келеді. Бұл тұрғыда Мырзағали Айтжанов боксқа берерін беріп, әбден сарқылған бапкер.
Қысқасы, Токиода тоңқалаң асқан қазақ боксы Парижде ақтық демін алуда. Біздің алтын дәуіріміз сонау Рионың шаршы алаңында қалып кетіпті. Әрине, бокстың «асханасын» ғана көргенім болмаса, осы саланың жілігін шағып, майын ішкен маман емеспін. Әйтсе де, әлдеқашан қазақтың ұлттық спортына айналып кеткен бокстың келешегіне алаңдап, ой айтуға құқылымын. Өйткені, мен Англияда туып, Кубада өркендеген бокстың «жаназасы» Қазақстанда шыққанын қаламаймын!
P.S. Жеңілген жігіттерге айтарым, обалдарың да, көз жастарың да әр спортшының әлеуетін бағамдай алмай, өздері жасаған қалыпқа салып қойған бокс «құдайларының» мойнында. Жасымаңдар, бәлкім, АҚШ Олимпиадасына дейін бақтарыңды ашатын білікті бапкер келіп, алтыннан алқа тағуларыңа сеп болар.
Құрбанәлі Аманкелдіұлы.
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Ой сұмдық-ай. Әйелді ұрған “еркек” жеңіске жетті

Ой сұмдық-ай. Әйелді ұрған “еркек” жеңіске жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

11/08/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

Ақша бәрін шешпейді: «Қайрат» тарихын жазуға дайын!

19/08/2025
“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

19/08/2025
«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

19/08/2025
Қазақ баласы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қарағандыда футболды дамытуға 18,5 млрд теңге бөлінеді

19/08/2025

Ең көп оқылған

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

Ақша бәрін шешпейді: «Қайрат» тарихын жазуға дайын!

19/08/2025
“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

19/08/2025
«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

19/08/2025
Қазақ баласы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қарағандыда футболды дамытуға 18,5 млрд теңге бөлінеді

19/08/2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

Ақша бәрін шешпейді: «Қайрат» тарихын жазуға дайын!

19/08/2025
“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

19/08/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In